Шымкентте есірткі дүкендерін жарнамалап, психотроптық заттарды таратып жүрген күдікті ұсталды

Шымкентте есірткі дүкендерін жарнамалап, психотроптық заттарды таратып жүрген күдікті ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 09:26 Сурет: pixabay
Шымкент полицейлері синтетикалық есірткі тарату арнасының жолын кесті. Күдікті психотроптық заттарды таратып, ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын интернет-дүкендердің жарнамасын граффити түрінде салып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar телеарнасының 2026 жылғы 11 мамырдағы мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қылмыс үстінде ұстаған.

Тексеру кезінде оның жанынан сатуға дайындалған психотроптық зат салынған шамамен 40 орама табылған.

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам қала аумағындағы жасырын орындарға есірткі қалдырып, кейін олардың координаттарын мессенджерлер арқылы жіберіп отырған.

Сондай-ақ күдіктінің қаланың түрлі ауданындағы ғимараттардың қасбеттері мен қабырғаларына есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын наркограффити салғаны анықталды.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: