ШҚО-да есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

ШҚО-да полиция есірткі сататын интернет-дүкеннің курьерлік қызметін тоқтатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2026 11:22 Сурет: polisia.kz
ШҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері Алматы қаласы полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, тыйым салынған психотроптық заттар интернет-дүкеніне жұмыс істеген курьерлер жұмысының жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында курьер-жасырушы қызметін атқарған 20 жастағы бойжеткен ұсталды. Жеке тінту кезінде одан изолентамен оралған, ішінде ұнтақ тәрізді заты бар 36 түйіншек табылып, тәркіленді. Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 грамнан асатын мефедрон болып шықты.

Сурет: polisia.kz

Бұдан бөлек, Өскемен қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері тағы бір күдіктіні – жалдамалы пәтерде тұрып, есірткі заттарын таратумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстаған. Оны тінту барысында ұнтақ тәрізді заты бар 12 түйіншек, сондай-ақ телефон тәркіленді. Пәтерді тінту кезінде қосымша тағы бес телефон табылды. Зерттеу нәтижелері бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 20 грамнан асатын "a-PVP" психотроптық заты екені анықталды.

Күдіктінің 2026 жылғы қаңтар айында Алматы қаласында Telegram мессенджері арқылы курьер-жасырушы болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Наурыз айының басында куратордың нұсқауымен ол Өскеменге келіп, баспана жалдап, тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан.

"Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәркіленген есірткі заттарының көлемі 20 грамнан асады және қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес ірі мөлшерге жатады, бұл ауыр қылмыс ретінде сараланады",- деп мәлімдеді полиция.

Бұған дейін Павлодарда бүлдіршіндерді ұрып-соққан тәрбиеші төрт жарым жылға сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: