Атырауда "Шебер – FEST 2026" қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтеді

Атырауда «Шебер – FEST 2026» қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 10:06 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 22–23 мамыр күндері Атырау қаласында қолөнер шеберлерінің басын қосатын "Шебер – FEST 2026" халықаралық фестивалі ұйымдастырылады.

Ауқымды шара Атырау облысы әкімдігі және Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы қолдауымен, Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі ұйымдастыруымен өтеді.

Фестивальдің басты мақсаты – халықтық қолөнерді дәріптеу, ұлттық мәдениетті насихаттау және шеберлер арасында тәжірибе алмасу. Шараға Қазақстанның әр өңірінен және шет елдерден келген қолөнершілер қатысады.

Қонақтар үшін қолөнер көрмелері, шеберлік сағаттары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, этнофестиваль, ұлттық ойындар мен концерттік бағдарламалар жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: