Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: тергеу аяқталды

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 17:24 Фото: Zakon.kz
Алматыдағы үш адамның өліміне себеп болған қайғылы жол апаты бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қылмыстық процеске қатысушылар іс материалдарымен қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес танысып жатыр", – делінген хабарламада.

Танысу рәсімдері аяқталғаннан кейін қылмыстық іс тиісті соттың қарауына жолданатын болады.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызда Алматыда болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан еді. Мас күйде болған Zeekr жүргізушісі Әл-Фараби даңғылында қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа себеп болған жүргізуші жол үстінде жарысқа қатысқан болуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2026 жылғы 30 сәуірде Сенат кулуарында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қатысқан ірі жол-көлік оқиғасына қатысты тергеудің барысы туралы пікір білдірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: