Бурабайда орман аймағына рұқсат кіргендер анықталды

"Бурабай" ұлттық табиғи паркінде заң бұзушылықтардың жолы кесілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 19:54 Сурет: polisia.kz
"Бурабай" ұлттық табиғи паркінің аумағында полиция қызметкерлері мен мемлекеттік ұлттық табиғи парк инспекторлары бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Демалыс және мереке күндеріндегі туристер ағынына байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқарды. Негізгі назар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, тұрақ ережелерінің сақталуына және автокөліктердің орман алқабына заңсыз кіру фактілерін болдырмауға бағытталды.

Рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерінің 30-ға жуық бұзушылығы анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде орман аймағына автокөліктердің рұқсатсыз кіру деректері де тіркелді. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер ұлттық парктің топырақ жамылғысына, өсімдіктер әлеміне және жалпы экожүйеге айтарлықтай зиян келтіреді.

Сонымен қатар Абылайхан алаңында заңсыз кәсіпкерлік фактілері анықталып, бір күн ішінде бес азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аумақтың тазалығы да өзекті мәселе болып отыр. Мамандардың мәліметінше, танымал туристік орындардан күн сайын шамамен 50 текше метр қоқыс шығарылады.

Полиция демалушыларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгіленген талаптарды сақтауға және заң бұзушылықтарға жол бермеуге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: