Қарағандыда ер адам пәтердің электронды құлпын бұзып, ұрлық жасаған

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 18:23 Фото: Zakon.kz
Қарағандыда электронды құлыпты бұзып, ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті базарда құрал-саймандарды күмәнді түрде төмен бағамен сатпақ болған 26 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Тексеру барысында шұрып бұрағыш пен тегістеуіштің ұрланғаны анықталды. Аталған құралдар жаңа пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 30 жастағы қала тұрғынына тиесілі болған.

Жәбірленуші құралдарының жоғалғанын байқап, полицияға арызданған. Тергеу барысында бейтаныс адамның пәтердің электронды құлпының кодын анықтап, тұрғын үйге заңсыз кіріп, құрал-саймандарды ұрлап кеткені белгілі болды.

Үй подъезіне орнатылған бейнебақылау камералары күдіктінің ұрланған заттарды алып шыққан сәтін тіркеген. Бұл жазбалар қылмысты ашуда негізгі дәлелдердің бірі болды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген барлық айғақ заттар заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: