Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 17:31 Сурет: akorda.kz
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 13 мамырда хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келетінін жазған едік.

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: