Ақтаудың орталығында жер астынан ыстық су атқылады: видео

Ақтаудың орталығында жер астынан ыстық су атқылады: видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 22:11 Сурет: видео скрині
Ақтау тұрғындары жойқын су жарылысының куәсі болды: қала орталығында биіктігі төрт қабат үймен тең ыстық "гейзер" атқылаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға 29-шағынауданда болған. Су ағыны маңайдағы көпқабатты үйлерден де биікке көтерілген. Куәгерлер болған жағдайды видеоға түсіріп алған.

Желіде тараған апат видеосына "Каспий жылу, су арнасы" МКК түсінік берді.

"12-15 мамыр аралығында "МАЭК" ЖШС мен "Каспий жылу, су арнасы" МКК бірлесіп жылу желілеріне жоспарлы гидравликалық сынақ жүргізіп жатыр. Тұрғындар алдағы жұмыстар туралы басталуынан бір апта бұрын хабардар етілген. Сынақ кезінде ыстық су желілерінде апатты жағдайлар мен жарылыстар болуы мүмкін. Осындай жағдайлардың бірі 29-шағынаудандағы №30/2 ғимаратының маңында орын алды". "Каспий жылу, су арнасы" МКК

Мекеме өкілдері аталған аумақта ыстық су беру уақытша тоқтатылғанын және жарылыс салдары жойылғанын мәлімдеді. Сынақтар желілердің жағдайын тексеріп, алдағы жылыту маусымына дайындық үшін жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: