Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалған
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Екібастұзда құбыр жарылып, атқылаған ыстық суға оқушы күйіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде әйел адам баласының футбол алаңында ойнап жүргенде күйік алғанын айтады. Оның айтуынша, баласы осымен үшінші күн жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұл ақпаратқа қатысты Павлодар облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
"Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеліп соққан тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомстводан.
Олар тергеу барысында болған жағдайдың себебі мен мән-жайы анықталатынын айтты.
Сонымен қатар, "Екібастұз жылу желілері" ЖШС құбырдағы ақауды келесі күні жойғандарын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript