Екібастұзда қайнаған суға күйіп қалған үш жасар бала қайтыс болды
Сурет: unsplash
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 қазанда 02:25-те қайнаған үш жасар баланың қайнаған суға күйіп қалған туралы хабар түскен. Дәрігерлер оқиға орнына алты минутта жетті, деп хабарлайды Zakon.kz
"Термиялық күйік шалған үш жасар қыз бала қайтыс болған. Денесінің 40%-ын күйік шалғаны анықталды". Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Анасының айтуынша, 29 қазанда сағат 14:00-де тоғыз жастағы қызы үш жасар сіңлісін шомылдырғысы келген, деп жазды pavlodarnews.kz.
Абайсызда қайнап тұрған суы бар легенді қолынан түсіріп, балаға су шашылған. Күндіз балалар әжесі мен атасының қарауында болған. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.
Анасы бұл жағдай туралы кешкі уақытта біліп, бірден жедел жәрдем шақырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript