"Қадірлі бауырыммен": Тоқаев Ердоғанмен түскен суретін жариялады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен Астанадағы резиденицяда түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сурет 2026 жылғы 14 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram парақшасында жарияланды.
"Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен. Астана. 2026 жылғы 13 мамыр",- делінген мемлекет басшысы жариялаған жазбада.
Сурет әлеуметтік желі қолданушыларының арасында тез тарап, жылы пікірлер жинады:
- Не деген жылы сурет… Қос бауырдың шаңырақ астында қауышуы. Түркі елдері әрдайым бір шаңырақ астында болып, бірлігі жасай берсін!
- Түрік елімен бауырластығымыз мәңгі жасасын!
- Екі ел арасындағы бауырластық, достық арта берсін!
- Мәртебелі қонақ ата жұртқа қош келдіңіз!
Айта кетейік, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 2026 жылғы 13 мамырда Қазақстанға ресми сапармен келді. Оны әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript