Астана әуежайында жолаушыларға арналған маңызды аймақ уақытша жабылды

Аэропорт в Астане, аэропорт Астаны, международный аэропорт Нурсултан Назарбаев, международный аэропорт в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2026 17:34 Фото: Zakon.kz
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында жөндеу және жаңғырту жұмыстарына байланысты ана мен бала бөлмесі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ішкі әрлеу жұмыстары жаңартылып, жиһаз ауыстырылады, санитарлық жағдай жақсартылып, кішкентай баласы бар ата-аналар үшін барынша жайлы кеңістік жасалады.

Қазіргі уақытта ана мен бала бөлмелерінің бірі жаңғырту кезеңінен өтіп жатыр және толықтай жаңартылады.

"Жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде жолаушыларға балалы ата-аналар үшін уақытша баламалы күту аймақтары ұсынылады. Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі мен ана мен бала бөлмесінің қайта ашылуы туралы қосымша хабарланады", – деп мәлімдеді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: