Астанадан ұшатын жолаушыларға маңызды ескерту жасалды

Аэропорт в Астане, аэропорт Астаны, международный аэропорт Нурсултан Назарбаев, международный аэропорт в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2026 13:27 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ұшу-қону жолағы күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар терминалы мен барлық қызмет көрсету аймақтары қалыпты режимде, ешқандай шектеусіз жұмыс істейді.

"Ұшу алдындағы барлық рәсімдерден жайлы әрі уақытылы өту және тіркеу мен тексеру аймақтарында мүмкін болатын кезектерді болдырмау мақсатында әуежайға алдын ала келулеріңізді сұраймыз: ішкі рейстер үшін – ұшуға дейін кемінде 2 сағат бұрын; халықаралық рейстер үшін – ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын",- деп ескертті әуе компания өкілдері.

Бұған дейін Иран делегациясы АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін Пәкістанға келгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: