Алматы облысында 70 мың теңгеге бола жанжал шығып, жас жігіт көз жұмды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 23:53 Фото: Zakon.kz
Алматы облысында достар арасындағы ақшаға байланысты жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Оқиға 2026 жылғы 10 мамырда Боралдай кентінде болып, салдарынан жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда тарады. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол кафеге жұмысқа келген, сол жерде досымен 70 мың теңгеге байланысты жанжал шыққан.

"Марқұмның отбасының мәліметінше, 20:18 бен 21:04 аралығында жас жігіт соққыға жығылған. Алдын ала деректер бойынша, күдікті оның басынан доғал затпен ұрған. Алғашқы сараптама қорытындысына сәйкес, зардап шегушінің көкбауыры жарылып, кейін қан құса бастаған", – деп жазылған "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік беріп, адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ер адамның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген. Алайда кейін ол көз жұмған.

Қазіргі таңда тергеу барысында марқұмның жақындары айтқан барлық уәж жан-жақты тексеріліп жатыр.


"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу барысы облыстық департамент басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді 2026 жылғы 15 мамырда Zakon.kz тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: