Елімізде соңғы 50 жылда жөндеу көрмеген маңызды асулардың бірі жаңартылды
Сурет: gov.kz
Қазақстанда 50 жылдан кейін ескі Күйік асуына күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік министрлігі Күйік асуы халықаралық "Өзбекстан – Қазақстан – Қытай" көлік дәлізінің маңызды бөліктерінің бірі саналатындығын атап өтті.
Бұл бағыт Шымкент пен Тараз қалаларын байланыстырып қана қоймай, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын жалғайтын негізгі көлік дәліздерінің құрамына кіреді.
Ведомство мәліметінше, күрделі жөндеу нәтижесінде 1970-жылдардан бері ауқымды жаңғырту көрмеген жол жабыны толық жаңартылды.
Сонымен қатар, жоба аясында 15 су өткізу құбыры салынғаны белгілі болды. Бұл жолдың маусымдық жауын-шашынға төзімділігін арттырып, су өткізу жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
"Ескі Күйік асуының учаскесіндегі жүк көліктерінің орташа тәуліктік қозғалыс қарқыны 2 273 автокөлікті құрайды". ҚР Көлік министрлігі
Бұған дейін Ақтөбеде автотіркеуге қатысты қылмыстық топ ұсталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript