Алматы облысындағы мектептерге жөндеу жүргізген құрылысшылар жалақысыз қалды

Новостройка, новостройки, постройка, застройка, стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, новостройки, новостройка, строительный объект, строительные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 10:05 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысында қос мектепке күрделі жөндеу жүргізген құрылысшылар жарты жылдан бері еңбекақыларын ала алмай келеді. Бүгінде олар жұмысты бел ортасынан тоқтатып, жалақысын даулап шенеуніктердің есігін қағып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратынша, құрылысшылар Нұра және Белбұлақ ауылдарындағы мектептерде күрделі жөндеу жасаған. Сол еңбегінің ақысына былтырдан бері қол жеткізе алмай, 50-ге тарта құрылысшы әбден қарызға батқан.

Құрылысшылар бүгінге дейін:

  • нысанның терезесі мен шатырын ауыстырған,
  • еденін қалпына келтірген,
  • коммуналдық желілерді жаңалаған,
  • сейсмоқауіпсіздікті арттырған.

Қаржысын даулап барған жұмысшыларды әкімдік "жалақыны келісімшарт жасасқан компания төлеуі тиіс, біз жауапты емеспіз"- деп шығарып салған.

Инженер Ильяс Наврузовтың айтуынша, жауапты SHEBERBUILD компаниясы кеңсесін қайта-қайта өзгертіп жатыр. Соңғы мекенжайы да белгісіз. Бұған қоса, директоры да алты рет ауысқан көрінеді. Қазір компанияның жұмысшылар алдындағы берешегі 97 миллион теңгеге жеткен.

"Олардың бар айтатын сылтауы "шотымыз бұғаттаулы",- дейді Наврузов.

Айта кетейік, жұмыс уақытылы жүргізілмегендіктен бүгінде әкімдік пен SHEBERBUILD компаниясы арасындағы келісімшарт бұзылған.

Бұған дейін Шымкентте қаңғыбастардың атына 23 млн теңгеге жуық несие рәсімделгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: