ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2026 14:27 Сурет: ҚР Ұлттық ұланы
ҚР президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық ұланы мәліметіне сүйенсек, аталмыш қызметке полковник Ернұр Жүнісов келді.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жаңа орынбасарды жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков таныстырды.

Құқықтық тәртіп әскерінің Бас қолбасшысы полковник Ернұр Жүнісовтің қызмет жолында жинаған мол тәжірибесін пайдалана отырып, өзіне жүктелген барлық міндеттерді лайықты орындайтынына сенім білдірді.

Ернұр Жүнісов бұған дейін құқық қорғау органдары жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарған.

Адал қызметі үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен, сондай-ақ бірқатар мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған.

Бұған дейін 15 сәуірде президент "Батыс" аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: