Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы жаңадан тағайындалды
Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ботақановтың орнына Балтабеков сайланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды",- деп жазды Ақорда.
Сондай-ақ, Тоқаев тағы бір бұйрығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің басшысын сайлады. Бұл қызметке Бақытбек Рахымбердиев лайық деп танылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript