ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары жаңадан тағайындалды

Мереке Көшекбаев, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 19:13 Сурет: gov.kz
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Бас штаб бастығы – ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан армиясында генерал-майор Мереке Мәтімұлы Көшекбаев әскери училище курсантынан бастап, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі жолдан өтті. Ол әр жылдары жауынгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

1997 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2007 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

II дәрежелі "Данқ" және "Айбын" ордендерімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: