Қазақстан әуежайларын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, алматинский аэропорт, международный аэропорт Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2026 13:38 Фото: akorda.kz
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 19 мамырда Үкімет отырысында Қазақстан әуежайларын жаңғырту жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары алдағы үш жыл ішінде жүзеге асырылады.

"Әуежай инфрақұрылымына келсек, алдағы үш жылда оларды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте тек ірі әуежайларға ғана емес, өңірлік шағын әуежайларға да ерекше назар аударылады", – деді министр.

Көлік министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі туристік аймақтарында жаңа әуежайлар салынып жатқанын, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сауранбаев елдегі ішкі әуе рейстерінде биометриялық жүйе енгізілетінін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: