Қабір дауы: Қарағанды облысында жерленген әйелдің денесі эксгумацияланды

Мусульманское кладбище, мусульманские захоронения, мусульманское захоронение, могила, могилы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 09:58 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында бір жарым жыл бұрын жерленген әйелдің денесі эксгумацияланды. Екі бірдей отбасы сол қабірде жақындары жатқанына бек сенімді. Дау сотқа дейін жетіп, ақыры осындай шешім шыққан. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

КТК дерегіне сүйенсек, сотқа арызданған Айгүл Жамиленова анасын бір жарым жыл бұрын "осы жерге көмдік" дейді. Жарты жылдан кейін келсе, ол жерді өзгелер қоршап, басқа адамның атына құлпытас орнатқанын көрген.

"Қарсы тарап, туыстарының бойы кішкентай болғанын айтады. Менің анам да денелі болмаған. Қазір түсініксіз ғой. Мен бұл жерде анам жатқанына сенімдімін. Егер олай болмаса, мен сараптама шығынан көтеремін. Жерлеу рәсіміне 30-дан аса адам қатысты. Орыннан шатасуымыз мүмкін емес".Айгүл Жамиленова:

Ал екінші отбасынан өз куәгерлері, тіпті жерлегеннен кейін осы жерді түсірген бейнетаспасы да бар. Олар Айгүлдің анасы қайтқанyан бір апта өткенде туысқан апайын жерлеген. Айтуларынша, рәсімнен соң мұнда күнара келіп, құран бағыштап тұрған. Күн жылына басын көтеріп, қоршауын орнатыпты. Қабірде ет жақыны жатқанына бұлар да бек сенімді.

Телеарна ақпаратынша, қабірде бір ғана мүрденің жатқанына дау жоқ. Тараптардың айтуынша, екеуі де дәл осы жерге арулап жерленген. Бір жарым жыл өткенде қабір қайта қазылды. Мүрде сараптамаға жөнелтілді. Оның қорытындысы бір айдың ары жақ, бері жағында шығуы тиіс. Содан кейін ғана осы мүрдеге таласқан екі отбасының бірі аҺ ұрары сөзсіз.

Бұған дейін Тобылда қабір басына егілген көшеттер ұрланып жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: