Қарағанды облысында зейнетке жақындаған 700 адам жұмысқа тұрды
Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында жыл басынан бері зейнет жасына жақындаған 700 адам жұмысқа тұрды. Егде тартқан жандарға екі қолға бір күрек табу қиын еді.
Енді "Күміс жас" бағдарламасы 50 жастан асқан азаматтарды еңбекпен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Бұрын бағдарламаға тек зейнет жасына шығуға екі жыл қалғандар қатысатын.
Енді 50 жастан асқандар да жұмыспен қамту орталығына барып, білімін жетілдіріп, мекемелер мен кәсіпорындарға тұра алады, деп жазады qazaqstan.tv.
Бұл жұмыс іздеп жүргендерге ғана емес , кадр тапшылығын сезініп жүргендерге де тиімді. Сондай-ақ, жұмысшыға тағайындалған жалақының тең жартысын мемлекет төлейді.
"Мен көптен бері мамандығым бойынша жұмыс істегім келген. Жас кезімде "Абай" тігін фабрикасында еңбек еттім. Содан кейін Қарағандыға көшіп, базарда сатушы болып жұмыс істедім. Екі ай бұрын жұмыспен қамту орталығына барғам. Арнайы курстан өткен соң осы кәіпорынға тігінші болып орналастым. Жалақым жақсы." Нафиса Мұхитова, Қарағанды қаласының тұрғыны
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript