Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа кірген

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2025 14:42 Фото: pixabay
Биыл Ақтөбе облысында 42 мың адам жұмысқа орналасты. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен еңбек жәрмеңкелерінде 14 мың тұрғын екі қолға бір күрек тапқан.

Облыста 13 мансап орталығы жұмыс істеп тұр. Жастар тәжірибесі, "Күміс жас", "Ұрпақтар келісім шарты", "Алғашқы жұмыс орны" бағдарламалары сәтті жүзеге асып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Қайтарымсыз грант алғандардың да саны артқан. Мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Қысқа мерзімді кәсіби оқытудан 540 адам өтті.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Әсіресе жұмысшы мамандықтарға сұраныс артқан.

Осы жұмысшы мамандығын қолға алып, мысалы сварчик және басқа да жұмысшы мамандықтар көп. Солардың барлығына дипломына қарай, сертификатына қарай жолдама беріп жатырмыз. Айсұлтан Аманкелдіұлы, еңбек мобильділігі орталығының маманы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: