Қарағанды облысында жұмысшы мамандығына сұраныс артқан

Работники, работник, рабочий, рабочие, люди на производстве, производство, завод, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 16:07 Фото: pixabay
Қарағанды облысында 13 мыңға жуық адам жұмысшы мамандықтар бойынша жұмысқа тұрғызылды. Жыл соңына дейін жұмыссыз жандардың саны әлі де азаймақ.

Себебі өңірде дәнекерлеуші, электромонтер, сантехник, слесарь токарь, ағаш ұста, тігінші сынды мамандар әлі де жетіспейді.

Бүгінде облыста он жеті мыңнан аса бос жұмыс орны бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Басым бөлігі – жұмысшы мамандықтар. Онымен қоса ауыл шаруашылығы саласында да мамандар тапшы.

Қазіргі таңда арнайы курстан өткен жүзден аса адам автомеханик, инженер, машинист мамандықтарында еңбек етуде.

"Қысқамерзімді оқуды оқытып жатырмыз. Жәй ғана оқытып жатқан жоқпыз. Оны сұранысқа байланысты қандай мамандықтар керек екенін біліп, дайындап, 2-6 ай аралығында оқытып, бірден жұмысқа орналастыру." Нұржан Сыздықов, облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: