Жаңбыр, қар, үсік: 22 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с. Қонаевта кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 22 мамырда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда таңертең және күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстік-шығысында сақталады, облыстың солтүстігінде күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 мамырда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
22 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі. Оралда жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
22 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Таразда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.