Найзағай, жаңбыр, қар: 4 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Найзағай, жаңбыр, қар: 4 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2025 20:17 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 сәуірде елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың орталығында екпін 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігнде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. 

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. 

Астанада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қостанай облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. 

Алматы облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: