Қуат Хамитов Атыраудағы даулы бейнежазбасынан кейін жауапқа тартылды

Қуат Хамитов Атыраудағы даулы бейнежазбасынан кейін жауапқа тартылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 10:03 Сурет: Instagram/kuat__khamitov
Қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитовқа Атырауда түсірілген даулы роликтен кейін айыппұл салынды. Полицейлер спортшы мен бейнежазбадағы өзге де қатысушыларды жол ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған кадрлар Afishi_atyrau Instagram аккаунтында жарияланған. Бейнежазбада бойжеткен Әбілқайыр хан даңғылындағы қозғалыс кезінде көлік терезесінен шығып, спортшымен әңгіме-дүкен құрады. Ал, бұл сәтте Хамитовтың көлікте қауіпсіздік белдігін тақпай отырғаны анық байқалады.

Белгілі болғандай, видео спортшының 23 мамырда "Жайық" спорт кешенінде Batyr Fighting Championship турнирі аясында өтетін жекпе-жегіне аңдатпа ретінде түсірілген.

Бұл ретте, Атырау облысы полиция департаменті желіге жүргізілген мониторинг кезінде аталмыш деректі анықтағанын хабарлады.

Атап өтілгендей, Toyota Camry автокөлігінің 24 және 22 жастағы жолаушылары қауіпсіздік белдігін тақпағаны және қозғалыс кезінде көліктен денесін шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 20 жастағы көлік жүргізушісі аталған құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды.


"Ал Mustang автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деп мәлімдеді өңір полицейлері.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және жол ережелеріне мұқият болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: