Алматыда шіркей қаптады: билік күтпеген себепті атады

Парк имени 28 гвардейцев-панфиловцев, Дом офицеров, Музей музыкальных инструментов имени Ыкыласа, Алматы, весна в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2026 10:34 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Биыл Алматыны шіркей басты. Қала әкімдігі бұған мамыр айындағы нөсер жауын мен одан кейінгі күннің күрт жылынуы себеп болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, жоғары ылғалдылық пен жылы ауа райы өсімдіктердің тез өсуіне әсер еткен.

Мамандардың айтуынша, осындай климаттық және биологиялық факторлардың үйлесуі жәндіктер дернәсілдерінің жылдам көбеюіне қолайлы жағдай жасаған.

"Санитарлық-энтомологиялық мониторинг нәтижелері бойынша рұқсат етілген препараттарды қолдана отырып, дезинсекциялық шаралар белгіленді. Қалыптасқан жағдай Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының бақылауында", – деп хабарлады Алматы әкімдігі Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 21 мамырда.

Бұған дейін жазғанымыздай, Алматыда Құрбан айт күндері тазалықты бақылауды күшейтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: