Жамбыл облысында 42 жыл құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Фото: Zakon.kz
Қордай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері 42 жастағы тұрғынның құқықтық мәртебесін анықтап, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, азамат өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген.
"Құжаттарының және тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ол ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүріп, азаматтық құқықтарын толық пайдалана алмаған. Қордай ауданына көшіп келгеннен кейін шалғай таулы аймақта малшы болып жұмыс істеген",- делінген ақпаратта.
Полиция қызметкерлері алдымен оның жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп, қажетті мәліметтерді қалпына келтіру, құжаттарын рәсімдеу, архивтік деректерді жинау және жеке мәліметтерін тексеру бойынша тиісті сұраныстар жолдады. Нәтижесінде қажетті құжаттардың толық топтамасы дайындалды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 20 мамырда азамат алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.
Бұған дейін Павлодарда есірткі таратушының жолы кесілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript