Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 12:27 Фото: akorda.kz
Алматыда жаңа форматтағы заманауи емхана салынып жатыр. Бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын денсаулық сақтау нысаны "Шұғыла" шағынауданында орналасқан.

Бұл Наурызбай ауданының қарқынды өсіп келе жатқан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба Алматының денсаулық сақтау жүйесін кешенді дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған.

Ғимараттың жалпы аумағы 12,7 мың шаршы метр болады. Емхана үш қабатты. Мұнда педиатрия, терапия, хирургия бөлімдері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және оңалту орталығы қарастырылған.

Қалалық құрылыс басқармасының мәліметінше, нысан озық медициналық техникамен жабдықталады. Емханада МРТ, КТ, маммография, рентген кабинеттері және автоматтандырылған зертхана бөлімшесі жұмыс істейді.

Жоба барысында келушілерге қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән берілген. Балалар мен ересектерге арналған кіреберістер бөлек жасалып, бұл пациенттер легін тиімді ұйымдастыруға және кезекті азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен жеделсатылар орнатылады.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 40 пайызы аяқталған. Нысан құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. Сонымен бірге іргелес аумақты көркейту және көгалдандыру жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Емхананы 2026 жылы қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: