Соңғы сегіз жылда ҚР азаматтығынан бас тартуға берілген өтініштер саны шамамен 40 есеге қысқарған

Ерлан Қарин, азаматтық мәселелер, комиссия, отырыс , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 19:22 Сурет: Ақорда
26 мамырда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына 305 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізіледі.

Сондай-ақ комиссия 43 адамның азаматтықтан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ.

Жиын барысында Мемлекеттік кеңесші Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі соңғы жылдары тұрақты түрде сақталып отырғанын атап өтті.

Мәселен, кейінгі сегіз жылда азаматтықтан бас тартуға берілген өтініштер саны шамамен 40 есе қысқарған. Атап айтқанда, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан шықса, 2020 жылы –  944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, 2024 жылы – 77, 2025 жылы – 68, ал биыл 43 адам азаматтықтан бас тартқан.

Бұл отандастарымыздың мемлекеттің тұрақты дамуына және Президенттің әлеуметтік-экономикалық әрі саяси бағдарына сенімі жоғары екенін көрсетеді.

Мұны Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 2026 жылғы сәуірде жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері де растап отыр. Сауалнамаға сәйкес, азаматтардың 84,4 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: