Жетісу облысында 1 мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды
Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың 171 фактісі тіркелді. Полиция қызметкерлері 104 қылмыстық істі аяқтап, оның 94-ін сотқа жолдады. Сонымен қатар 37 эпизодтан тұратын көпэпизодты қылмыстық іс те сот қарауына жіберілді.
Интернет кеңістігін мониторингтеу барысында 1000-ға жуық алаяқтық сайт анықталып, бұғатталды.
Сонымен қатар жыл басынан бері киберполиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын екі дропперлер тобын ұстады.
Сотқа сегіз қылмыстық іс жолданды.
"Интернет-алаяқтар азаматтарды алдаудың тәсілдерін үнемі өзгертіп отырады. Сондықтан біздің басты міндетіміз — мұндай қылмыстарды ашумен қатар, олардың алдын алу. Бүгінде профилактикаға, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және алаяқтық схемаларды жедел анықтауға ерекше көңіл бөлінуде. Азаматтарды сақ болуға, жеке деректері мен банк реквизиттерін бөгде адамдарға бермеуге шақырамыз", — деп атап өтті киберполиция қызметкерлері.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript