БЖЗҚ қазақстандықтарды "зейнетақыны қайта есептеу" туралы қоңырауларға байланысты ескертті

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 10:46 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, 2026 жылғы 28 мамырда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) баспасөз қызметі азаматтарға "зейнетақыны қайта есептеу" туралы қоңыраулар мен SMS хабарламаларға байланысты шұғыл ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қордың мәліметінше, бұл қоңыраулар мен хабарламалардың артында алаяқтар тұр және олар салымшыларды алдаудың жаңа тәсілін қолдануда.

"БЖЗҚ филиалдарына жиі жүгінетін азаматтарға кейбір жылдардағы міндетті зейнетақы жарналары түспегені туралы жалған ақпарат беріледі. Өздерін қор қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар бірнеше жылдық еңбек өтілі табылғанын айтып, зейнетақыны қайта есептеп, көбейтіп беруді ұсынады", – делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Қордың айтуынша, алаяқтар сенімге кіру үшін нақты мекенжайларды айтып, жұмыс істеп тұрған бөлімшелерге шақырады.

Сондай-ақ олар электронды кезек брондауды ұсынып, SMS арқылы келген кодты сұрайды. Кейбір азаматтар өкінішке қарай, сол кодтарды алаяқтарға берген жағдайлар да тіркелген.

БЖЗҚ азаматтарға қызметкерлер ешқашан телефон, пошта немесе мессенджер арқылы SMS-код, пароль, банк деректері немесе құпия ақпарат сұрамайтынын ескертті.

"Егер сізге қоңырау шалған адам аты-жөніңізді, ЖСН-ді немесе жұмыс орныңызды білсе де, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Бұл деректер ашық көздерден алынуы мүмкін", – деп атап өтті қор.

Қор алаяқтардан қорғану үшін азаматтарға:

  • SMS-кодтарды ешкімге бермеу;
  • күмәнді қоңырауларды бірден тоқтату;
  • ақпаратты тек ресми арналар арқылы тексеру;
  • күдік туған жағдайда полицияға жүгіну;
  • жақындарын, әсіресе егде жастағы туыстарын ескерту
  • керек екенін еске салды.

Айта кетейік, 2026 жылғы 20 мамырда БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын шешіп алу шегін көтеру мәселесіне қатысты түсініктеме берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: