Көкшетаудағы ЖЭО құрылысының мерзімі қайта қаралды

Алматинская ТЭЦ-2, Алматинская ТЭЦ 2, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, отопление, теплоснабжение, тепловая энергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 20:06 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 28 мамырда ЕАЭО форумының кулуарында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда салынатын үш жаңа ЖЭО-ның қашан пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, үш ЖЭО-ның құрылысымен "Самұрық-Энерго" компаниясы айналысып жатыр.

"Көкшетау ЖЭО-сын 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр, ал Семей мен Өскемендегі ЖЭО-лар 2029 жылы іске қосылады", – деді ол.

Оның сөзінше, жобалар "Самұрық-Қазына" қорының қаражаты есебінен қаржыландырылып жатыр.

"Бізде ішінара тартылған қаражат бар, ішінара өз қаражатымыз пайдаланылады. Өздеріңіз білетіндей, қарыздық қаржыландыру – заманауи қаржылық және басқарушылық менеджменттің ажырамас бөлігі. "Самұрық-Қазына" қоры "Самұрық-Энерго" компаниясын қаржыландыратын болады. Қажетті қаражаттың бәрін бөлеміз. "Самұрық-Энерго" – табысты компания, ол пайда тауып отыр және қалыптастырып отырған еркін ақша ағынын қайта инвестициялайды. Қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыруды, әрине, бас компания ретінде "Самұрық-Қазына" жүзеге асырады. Қазір нақты айту қиын, себебі қаржыландыру кестелері әлі де пысықталып жатыр", – деді ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: