"Самұрық-Қазына" компаниясындағы қысқарту: қанша қаржы үнемделді

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2026 19:22 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 28 мамырда ЕАЭО форумының кулуарында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компаниядағы кадрлық қысқартудың нәтижесі қандай болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қысқарту Астана қаласындағы өндірістік емес персоналдың 11%-ын қамтыған.

"Жыл сайын шамамен 5 млрд теңге үнемделеді. Сандық құрам бойынша бұл – шамамен 700 адам. Бұл қаражат жалпы корпоративтік мақсаттарға жұмсалады", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасы "Самұрық-Қазына" АҚ мен оның еншілес ұйымдарындағы мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізіп, стратегиялық басқару жүйесін бағалағанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: