Жаңбыр, бұршақ, дауыл: жұмада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: pixabay
Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 29 мамырда кей уақыттарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Астанада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.