Найзағай, тұман және +35°С-қа дейінгі аптап: Қазақстанда 30 мамырда ауа райы құбылмалы болады
Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 30 мамыр, сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Тек елдің орталық бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады.
"Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман күтіледі"." Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар Абай облысының оңтүстігінде күн қатты ысып, ауа температурасы +35°С-қа дейін жетеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript