Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза тапты

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 22:56 Фото: Zakon.kz
Атырау облысының Индер ауданында жантүршігерлік жол апаты болды. Жеңіл көлік тасжолдан шығып кетіп, аударылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға байланысты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Ведомство мәліметінше, қайғылы жағдай 29 мамыр күні шамамен сағат 06:30-да Индер – Қарабау автожолының 15-шақырымында болған.

Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 41 жастағы жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады 2026 жылғы 29 мамырда өңірлік полиция департаменті Zakon.kz тілшісіне.

Қазіргі уақытта адам өліміне әкелген жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

"Атырау облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндейді. Әсіресе, қалааралық трассаларда жылдамдық режимін сақтау, шаршаған күйде көлік тізгініне отырмау, сондай-ақ жол мен ауа райы жағдайларын ескеру қажет. Жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалыс қатысушысының жауапкершілігіне байланысты", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: