Тоқаев Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

Тоқаев Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 23:57 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 29 мамырда хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды", – делінген хабарламада.


Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылғы 27 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылады.

28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтті.

29 мамырда Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: