+37°C аптап пен бұршақ аралас нөсер: 2 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 18:10 Фото: pixabay
2026 жылғы 2 маусым, сейсенбі күні Қазақстан бойынша ауа райында тосын құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады.

"Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр. Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Батыста екпіні күшті жел соғып, дауылды құбылыстар байқалады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сондай-ақ республика аумағында жел күшейеді деп болжанып отыр. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Ал елдің бірқатар өңірлерінде керісінше аптап ыстық сақталады:

  • Алматы облысында және Жетісу облысында ауа температурасы +35…+36°C дейін көтеріледі;
  • Қарағанды облысының оңтүстігінде және Абай облысында +35…+37°C аптап ыстық болады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: