Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр: 29 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2026 16:38 Фото: pixabay
"Қазгидромет" 2026 жылғы 29 маусымға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ал батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшейеді деп болжанып отыр. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысының орталық бөлігінде ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Ал Жетісу облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар және Абай облыстарында аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +40...+41 градусқа жетеді.

Сонымен қатар Қарағанды, Алматы, Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында, сондай-ақ Қызылорда облысының орталығында өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Ал Жетісу облысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысы мен орталығында, Павлодар облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігі мен орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: