"110 млн теңге пара": Алматыда ҚТЖ-ның еншілес компаниясы филиалының басшысы ұсталды
Фото: Zakon.kz
Алматыда эксплуатациялық вагон депосының қалалық филиалының директоры ұсталды. Бұл ақпаратты 2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан темір жолы (ҚТЖ) растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "Алматылық эксплуатациялық вагон депосы" – "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалының директоры Аманбаев аса ірі көлемде – 110 000 000 теңге пара алды деген күдікпен ұсталған.
"Ұстау жұмыс кабинетінде жүргізілген. Одан кейін Аманбаев Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі (аса ірі көлемде пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп жазады Polites News.
Қазақстан темір жолы баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.
"Құзырлы органдардың жедел-іздестіру және сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны туралы мессенджерлерде тараған ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлаймыз. Көрсетілген кәсіпорын басшысы қылмыстық іс аясында 09.04.2026 жылы ұсталды. Тергеу оның 2024–2025 жылдардағы қызмет кезеңін қамтиды. Сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алматылық эксплуатациялық вагон депосында компанияның комплаенс қызметі басшылығымен ішкі тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.
Айта кетейік, "Алматылық эксплуатациялық вагон депосы" (ВЧД-25) – ҚТЖ-Жүк тасымалы құрамындағы құрылымдық бөлімше (филиал) болып табылады.
Бұған дейін Қазақстанда пара беруге уәде ету қылмыс ретінде қарастырылмақ екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript