Президент: "Таза Қазақстан" тұжырымдамасының орындалуы - Үкімет пен әкімдердің конституциялық міндеті

Президент: "Таза Қазақстан" тұжырымдамасының орындалуы - Үкімет пен әкімдердің конституциялық міндеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2026 15:13 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 2 маусымда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде Үкімет пен әкімдерге "Таза Қазақстан" тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент барлық нысандар құрылыс саласындағы озық халықаралық талаптар мен ережелерге толық сай болуға тиіс екенін нақтылады.

"Жалпы, Alatau city тұжырымдамасының мақсаты – бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларды іске қосу, жұртты жұмыспен қамту және заманауи инфрақұрылым салу. Қала төрт ауданға бөлінеді. Бой көтеретін ғимараттардың барлығы халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтарға қойылатын талапқа сәйкес болуы керек". Мемлекет басшысы

Оның айтуынша, қаланы абаттандыруға және жайлы қоғамдық орындар салуға ерекше назар аудару қажет.

"Осыған байланысты Үкіметке, әкімдерге тағы да айтарым: "Таза Қазақстан" тұжырымдамасының орындалуы, бұл – конституциялық міндет. "Таза" деген сөздің мағынасы көпқырлы. Бұл – қалаларымызды тазалау, көгалдандыру, көркейту, абаттандыру деген сөз. Сонымен қатар бұл – ниетіміздің тазалығын сақтау, отаншылдығымызды паш ету деген сөз. "Таза Қазақстан" жалпыхалықтық қозғалысы Әділетті Қазақстанның болмысына, тіпті, оның тұтас идеологиясына айналуы керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президент Алатау қаласында нені шұғыл қолға алу керек екенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: