Сенат Салық кодексіне енгізілген түзетулерді мақұлдады
Фото: Zakon.kz
Сенат депутаттары 2026 жылғы 4 маусымда Салық кодексіне енгізілген түзетулерді екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сенат депутаты Бекбол Орынбековтың айтуынша, Салық кодексі салықтардың түрлерін анықтайды, оларды кім, қанша көлемде және қандай мерзімде төлеуі тиіс екенін белгілейді, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.
"Сондықтан біз, бастамашылар ретінде, осы заң жобасын енгіздік. Заң жобасы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларына сәйкес Салық кодексін келтіру мақсатында әзірленді", – деді Орынбеков.
Заң жобасында мынадай өзгерістер қарастырылған:
- бір палаталы Парламент–Құрылтайдың жұмыс істеуіне және Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуына байланысты өзгерістер;
- құқықтық терминологияны жетілдіруге бағытталған редакциялық түзетулер;
- Астана қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, аумақ атауларын көрсету тәртібін айқындау.
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заңның 40-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Салық кодексінен Конституциялық сотқа жүгіну үшін төленетін мемлекеттік баж да алынып тасталады.
Бұған дейін мәжіліс радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңды қабылдағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript