Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтау дерегі анықталды

Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтау дерегі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 18:11 Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қара уылдырықты заңсыз сақтады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар барысында Мұнайлы ауданы аумағында жалпы салмағы 5 келіден асатын қара уылдырық салынған ыдыстар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен, сондай-ақ олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: