Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: бір өңірде нөсер жауын, енді бірінде +35 градус ыстық

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 17:45 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 5 маусым, жұма күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсері сақталады.

"Көп өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік аймақтарда нөсер жауын-шашын , кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Ал елдің батысы мен шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.

Ауа температурасына келсек, Абай және Жетісу облыстарында аптап ыстық болып, күндіз ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.

Бұдан бөлек, бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Олардың қатарында Абай, Жетісу, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: