5 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 20:45 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 5 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 05 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 05 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: