Ақмола облысында прокуратура 1,1 млрд теңгелік мемлекеттік сатып алудың күшін жойды
Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының прокурорлары жергілікті билік тарапынан жіберілген ірі бюджеттік заң бұзушылықтардың жолын кесті. Степногорск әкімдігі қаланы күтіп-ұстауға арналған шығын сметасын негізсіз ұлғайтпақ болған.
Соның салдарынан жалпы құны 1,1 млрд теңгеден асатын мемлекеттік сатып алу рәсімдері тоқтатылды.
Заң бұзушылықтар қаланы қысқы және жазғы кезеңде күтіп-ұстау жұмыстарының көлемін қалыптастыру және жоспарлау барысында анықталған.
Прокуратура мәліметінше, лауазымды тұлғалар сметалық құнын негізсіз көтеріп, жоспарларға артық әрі экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдерін енгізген. Сондай-ақ заң талаптарына сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптар қойған.
"Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алу рәсімінің күші жойылды. Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалуы мүмкін 386 млн теңге шығыс қысқартылды. Бұл мемлекеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді", – деп хабарлады прокуратура 2026 жылғы 4 маусымда.
Бюджет шығындарын негізсіз ұлғайту әрекеті қала басшылығы үшін салдарсыз қалған жоқ. Заңдылық талаптарын бұзғаны үшін Степногорск әкімінің орынбасары мен мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript