1,3 млрд теңгенің активі: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС бұрынғы министрмен байланысты компаниядан қайтарылды

1,3 млрд теңгенің активі: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС бұрынғы министрмен байланысты компаниядан қайтарылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 10:23 Сурет: gov.kz
Алматы прокуратурасы ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100% үлесін мемлекетке қайтарып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы органның 5 маусымда таратқан ақпарына сүйенсек, 2015 жылы "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100% үлесі жеке заңды тұлғамен заңсыз жекешелендірілген.

"Жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат). Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген. Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға жатады".Алматы прокуратурасы

Бұған дейін 2024 жылы прокурорлар бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты тұлғаларға тиесілі шамамен 4,8 млрд теңге көлеміндегі мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыздар бергені хабарланған болатын.

2023 жылғы 20 маусымда Астанада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына "Алтын адамның шеруі" көрмесін ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты. 2024 жылғы 13 ақпанда елорда соты Арыстанбек Мұхамедиұлына, оның жұбайы Налия Искаковаға және адвокат Мұстахим Тулеевке қатысты алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық ісі бойынша шешім шығарды. Ал 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа үкім шығарылып, онда екі эпизод қаралды: "Әлем музейлеріндегі "Алтын адамның шеруі" көрмесін өткізу" және "Дипломат" қонақүйіне қатысты іс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: