Мемлекет басшысы: Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша біздің аймақта көш бастап тұр

Мемлекет басшысы: Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша біздің аймақта көш бастап тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 13:33 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы "Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі" атты халықаралық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанға инвестиция тарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, инвестиция тартудың тағы бір маңызды факторы бар.

"Астана халықаралық қаржы орталығында Сот пен Арбитраж орталығы ағылшын құқығы қағидаттарына сай жұмыс істейді. Елімізде Үкімет жанынан Инвестициялық штаб құрылған. Аталған штаб соңғы уақытта инвестициялық жобаларға қатысты түйткілді мәселелерді жедел шешу арқылы өзінің тиімділігін көрсетті". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар президент Жарлығымен Бас Прокуратурада Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылғаны атап өтілді.

"Біз іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға барынша мүдделі мемлекет ретінде осы саладағы жұмысты айрықша назарда ұстаймыз. Қазір Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша біздің аймақта көш бастап тұр".Мемлекет басшысы

Алайда, президент босаңсуға болмайтындығын баса айтты.

"Табанды жұмыс істеп, бұдан да биік белестерге ұмтылуымыз керек. Бұған еліміздің әлеуеті толық жетеді. Атап айтқанда, жаңа Конституцияға мемлекетіміздің инвестициялық қуатын күшейтуге арналған нақты нормалар қосылды. Соның ішінде қаржы саласына және "қарқынды дамитын қалаларға" арнаулы құқықтық режим енгізу туралы шешім қабылданды". Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол жақында "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" конституциялық заңға қол қойғанын еске алды.

"Бұл маңызды құжатта "ақылды қалаға" тән дербес экожүйе қалыптастырудың құқықтық негізі бекітілді. Арнайы құқықтық режим мемлекеттік басқару мүмкіндіктерін кеңейтуді, соның ішінде сот жүйесінің ерекше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алдыңғы қатарлы реттеу құралдары үздік әлемдік тәжірибені енгізуге, озық инновациялық шешімдерді сынақтан өткізуге және осы бірегей жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасауға мүмкіндік береді". Мемлекет басшысы

Президент атап өткендей, "біздің басты мақсатымыз – Алатау қаласын болашақтың цифрлық агломерациясына, жаңа технологияларды тарту орталығына айналдыру".

"Мемлекет бизнес өкілдерімен ашық, өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен бизнес арасындағы диалогтың қажеттілігі туралы сөз қозғағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: